Хаттама № 1 » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ақпан
2019

Хаттама № 1

Хаттама № 1 

Қамқорлық  кеңес  отырысы

Мерзімі: 27.02.2019ж

Қатысқаны – 20

Қатыспағаны – 20                                                              


Жиналыстың  тақырыбы:

Азқамтылған көпбалалы отбасыларына көмек көрсетуді қарастыру

                                   

Күн тәртібінде:

  1. «Мектептің оқу-тәрбие жұмыстары» бойынша есеп беру. 

Жауапты: Акшалова С.Б

  1. Қамқорлық кеңесінің атқаратын міндеті мен атқарылу керек жұмыстарды нақтылап өту. Қамқорлық  кеңесінің жұмыстарымен таныстыру; 

Жауапты: Акшалова С.Б

  1. Азқамтылған көпбалалы отбасыларына көмек көрсетуді қарастыруМектептегі осы топқа қатысты оқушыларға жүргізілген  зерттеу, бақылау жұмыстарының нәтижесімен танысту. 

Жауапты: Өміралі Н.Ө


Тыңдалды:


  1. Мектеп директоры Ақшалова С.Б.  мектеп  жетістіктерімен таныстырып, қалалық, аудандық  жарыстарда дараланған    ұстаздары мен оқушыларды атап, көрсетіп шықты. Алдыға қойған жоспар мен мақсаттың орындалып келе жатқанын көрсетті;
  2. Қамқорлық кеңес мүшелерінің бірігіп біраз жұмыстың басын қайыруға болатынын алға тартқан мектеп директоры , кеңес мүшелерін мектептегі аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына өз тараптарынан көмек қарастыруды, спонсорлар мен еріктілерді іздестіруді ұсынды; 
  3. Мектебіміздің әлеуметтік педагогі Өмірәлі Нұрбол Астанадағы өртке оранған 5қыздың оқиғасын алға тарта отырып, біздің де мектепте жағдайы мүшкіл, пәтер жалдап, күні-түні жұмыста жүрген отбасыларының барын атап өтті. Сол орайды сынып – жетекшілермен бірлесіп әр сыныптағы осндай оқушыларға жүргізген зерттеу жұмыстарын ұсынды  (фотоларымен).
  4. Осы орайда ерекше көмекті қажет ететін мектебімізідің үйден қатынап оқитын, мүгедек оқушысы  Несипбаев Нурбақыттың мәселесін алға тартқан Нұрбол, ол оқушыға да әлеуметтік көмектің қажет екенін айта отырып, отбасылықжағдайының нашарлығын көрсетіп , дәлелдеді. (үйі. Отбасының фотосы)



  1. Қаулы:         
  2. Мектептегі азқамтылған және көпбалалы  отбасынан шыққан 3 үздік оқушыға Қамқорлық кеңес төрағасы  Әділбекұлы Өмірәлі өз қаражатынан ай сайын 5000тг-ден  степендия  тағайындады. Оны ұйымдастыру ата-аналарымен жолқтыру директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасыры  Делегеева Г.А   жүктелсін;
  3. Қамқорлық кеңестің мүшесі  Сисен Нұрқанат үйден оқитын  Несипбаев Нурбақытқа азық-түлік жағынан көмектестін спонсорлар тауып беруді өз мойнына алды. Бұл жұмысты ұйымдастыруға мектебімізідің әлеуметтік педагогы Өміралі Н.Ө жүктелсін;
  4. Көпбалалы, азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларды болашағының жақсаруы мен білімге құштарлығын арттыру мақсатында тегін ағылшын курстарын   ұйымдастыру жұмысын директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасыры  Делегеева Г.А   жүктелсін; 
  5. Қамқорлық кеңесінің тарапынан  көрсетілген көмектің барлық отбасына тең келуін, тізім жасап реттеп отруын қадағалау мектебімізідің әлеуметтік педагогы Өміралі Н.Ө жүктелсін;
  6. Барлық жұмыстың 100%  уақытылы орындалуын қадағалау мектеп директоры Акшалова С.Б мен Қамқорлық Кеңес  төрағасы Әділбекұлы Ө.О. жүктелсін;





Мектеп директоры:           С.Б.Акшалова 

ҚК  төрағасы:                      Әділбекұлы Ө.О.

Хатшы:                                  Бауденова А.Ж.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: