12 қараша күні – «Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында №2 ата-аналар жиналысы өтті. » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12 қараша күні – «Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында №2 ата-аналар жиналысы өтті.
15
қараша
2019

12 қараша күні – «Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында №2 ата-аналар жиналысы өтті.

12 қараша күні – «Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында №2 ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: Жаңартылған бағдарлама мазмұны және бағалау түрлерімен (формативтік, суммативтік,) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін түсіндіру.
Ата-аналар жиналысы мектептің мәжіліс залында болды, күн тәртібінде қаралған мәселелер:
• Кіріспе сөз-мектеп директоры: Ақшалова С.Б.
• Жаңартылған білім мазмұны «Критериалды бағалау» (БЖБ-бөлім бойынша жиынтық бағалау,ТЖБ-тоқсандық жиынтық бағалау)-орыс тілі пән мұғалімі Балғабекова С.А.
• «Бала құқығы-басты құндылықтардың бірі» -тарих пәні мұғалімі Садық А.Т.
• Өзекті мәселелер.
Ата-аналар жиналысы ары қарай сыныптарда жалғасты,сыныптағы ата-аналар жиналысының күн тәртібінде:
• Жаңартылған білім мазмұны «Критериалды бағалау» (БЖБ-бөлім бойынша жиынтық бағалау,ТЖБ-тоқсандық жиынтық бағалау)
• «Бала құқығы-басты құндылықтардың бірі» -баяндама
• І-тоқсанның қорытындысы (мониторинг)
• Әртүрлі мәселелер
Ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнын түсіндірді. Нақтырақ тоқталсақ, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде 1-сынып оқушылары; 2017 жылы — 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы — 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4,9, 11, 12-сыныптар жаңа стандартқа көшеді. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталғанын айтып кетті.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
@zhetisu_roo
@edu.almaty

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: