Алматыда мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау басталды. » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау басталды.
09
наурыз
2019

Алматыда мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау басталды.

«Nur Otan» партиясының АҚФ Саяси Бюросының кеңейтілген отырысында қалалық филиал Төрағасы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының партияның XVIII съезінде айтылған халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қалалық жоспарды таныстырды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. ⠀

⠀✅Енді 11 наурыздан бастап «Бақытты отбасы» арнайы қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылданады. Алғашқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме - 2%.
⠀✅Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге қаражаттары жоқ болғандықтан қала бюджетінен 1 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаттары бөлінеді.
⠀✅Алматының көпбалалы отбасылары үшін екінші баласынан бастап бала бақша тегін болады.
⠀✅20 наурыздан бастап аз қамтылған отбасылардың оқушыларына ай сайын 5 мың теңгеден, ал университеттер мен колледждер студенттері 10 мың теңгеден алады.
⠀✅Қиын жағдайға душар болғандарға берілетін бірреттік төлем көлемі 25 мыңнан 50,5 мың теңгеге көбейеді.
⠀✅15 наурыздан бастап аз қамтылған отбасыларға ыстық және суық су есептегіш құралдарын жеке орнатуға берілетін жәрдемақы көлемі 70%-ға немесе 5 мыңнан 8,6 мыңға өседі.
⠀✅1 наурыздан Алматыдағы жұмыссыз аналарды оқыту және кәсіби дайындау шаралары басталды әрі оларға 16,7 мың теңге көлемінде стипендия беріледі.
⠀✅1 сәуірден бастап бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын көпбалалы аналар Орталығында құқықтық және психологиялық кеңестер беріледі, реабилитациялық көмек көрсетіледі.
⠀✅Мегаполисте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілетін, оның ішіне көпбалалы отбасылар да кіреді, 40 мыңнан астам пәтерлер құрылысы басталады.
⠀✅Мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін төлем көлемі 31,1 мыңнан 41,6 мыңға артты.
⠀✅Алматының бюджеттік саласындағы 30 мыңнан астам қызметкерлердің жалақысын 30%-ға дейін көтеру жоспарланған.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: