Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер, колледждер мен интернаттар «бұлтты бухгалтерияға» көшеді. » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер, колледждер мен интернаттар «бұлтты бухгалтерияға» көшеді.
19
сәуір
2021

Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер, колледждер мен интернаттар «бұлтты бухгалтерияға» көшеді.


Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «бұлтты бухгалтерия» жобасы туралы еске салды. Оған 2021 жылдың 1 қыркүйегінде толығымен көшу күтілуде. Алматыда жаңа жүйеге көшу 1 сәуірде басталды. Мегаполисте 451 мемлекеттік білім беру ұйымында қаржы-шаруашылық қызметін жаңа форматта жүргізу жоспарлануда.

Айдын Сайлаубайдың пікірінше, бухгалтерияның автоматтандырылуы мектептерде бюджеттік қаржының ашық жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жекелей алғанда, жүйенің автоматтандырылуы сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады, әрбір білім беру мекемесінде қаржыландырудың толық көлемі ашық болады, шығынның қандай мақсатта жұмсалатыны белгілі болады. Сонымен бірге, мектептер мен балабақша басшылығынан шаруашылық тұрғыда артылған жүктемені ішінара азайтуға мүмкіндік береді. 

Мысалы, бүгінгі таңда мектеп директорлары балаларға білім беруден бөлек, қаржылық менеджментпен айналысады.

«Бухгалтерияның орталықтандырылған бұлтты шешімге ауыстырылуы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы бұйрығымен анықталған.  Қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім басқармасы 451 білім беру ұйымында қаржы-шаруашылық қызметін ашық жүргізу үшін бұлтты бухгалтерияны енгізуді жоспарлап отыр», - дейді ведомство өкілі.

Оның ішінде 189 балабақша, 207 мектеп, 14 интернат, 22 колледж, 17 мектептен тыс ұйым және басқа да мекемелер бар. 

Онлайн-брифингке қатысқан Айдынжан Сайлаубай «бұлтты бухгалтерия» бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты. 

«Бұлтты бухгалтерия – бұл қашықтағы серверде орналасқан және Интернет желісі арқылы жұмыс істеуге арналған бухгалтерлік бағдарламалар жиынтығы. Деректер бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын бұлт деп аталатын жерде сақталады және өңделеді. Бұлтты бухгалтерия қызметкерлер үшін автоматтандырылған жұмыс орны болып табылатындықтан, пайдаланушыға толыққанды жұмыс істеу үшін тек компьютер және Интернет желісіне тұрақты қолжетімділік қажет», - деп хабарлады спикер.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай бұлтты бухгалтерияны қолдану кезінде мектептер мен балабақшаларға бухгалтерлік бағдарламаның өзін алудың қажеті жоқ екендігін айтты. Одан бөлек, бағдарлама оларға таныс және қарапйым 1С-ке ұқсас болғаннан кейін қызметкерлерге қайтадан үйренудің де қажеті жоқ. 

Сонымен бірге, жобаның енгізілуі арқасында білім беру жүйесіне бюджет қаржысын үнемдеу мүмкін болады. Спикердің айтуынша, бұлтты бухгалтерияны пайдаланатын басқа аймақтарды мысалға келтіретін болса, 500 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін қаржы үнемделген.

Білім беру ұйымдарының қаржы қызметінің жұмысы жақсарады. Бағдарлама бухгалтерлік және салықтық есепке алу кезінде бұзушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік береді, бақыланбайтын шығыстардың тәуекелдерін барынша азайтады.

«Бұлтты бухгалтерияның» үлкен артықшылығы-кадрларды enbek.kz-пен бірге электронды есепке алуды енгізу. Екі бағдарламаның арқасында педагог кадрлардың өтілін анықтауға, жалақыны және басқа да төлемдерді есептеуге болады.

Айдын Сайлаубай мектеп бухгалтерлеріне жұмыстан қысқарту болады деп алаңдаудың қажеті жоқтығын айтып, сендірді. 

«Бұл шешімді қолдану кезінде адамдарды автоматты талдау жүйелеріне ауыстыру туралы сөз болып отырған жоқ. Бұлтты бухгалтерияны енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқарту көзделмейді, негізгі мақсат есеп пен есеп жүргізудің ашықтығын арттыру болып табылады», - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

«Бұлтты бухгалтерияға» көшіру кезеңімен жүргізіледі. Біріншісінде 240 білім беру ұйымында қолданыстағы бухгалтерлік есеп бұлтты бухгалтерияға ауыстырылады. Екінші кезеңде бұл 211 мекемеде жүргізіледі.

Білім беру мекемелеріндегі "бұлтты бухгалтерияны" 1С арнайы қосымшасындағы 1С:Fresh-те жүргізген ыңғайлы: мемлекеттік кәсіпорындар үшін бухгалтерия немесе 1С:мемлекеттік мекемелер үшін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: