7 мамыр - Отан қорғаушылар күні! Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні! Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке.
07
мамыр
2020

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні! Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасыдан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Осы орайда, Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен әскери-патриоттық, тәрбиені өскелең жас ұрпақтың арасында дамытып, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты арттырып, Отан тарихына құрметпен қарап, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікпен қарауға, тәрбиелеу мақсатында, Қорғаныс Министірлігі мен басқада мемлекеттік органдар бірілесе, Республикалық жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық қоғамдық қозғалыс «Жас Сарбаз» ұйымына мүше ретінде арнайы Алматы қаласы Жетісу ауданы М.Жұмабаев атындағы #137 ЖББ мектебінің “Жас Сарбаз” сыныбының оқушылары-барлық Қазақстандықтарды «7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен» құттықтады.
Құрметті Жас сарбаздықтар!
ХХІ – ғасыр – білім ғасыры. Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызға нық сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
Сонымен қатар,мектеп оқушылары білгір, білімді, қажырлы да қайратты ұстаздардан білім алып, қанаттарың қатайып,болашақта Қазақстан Республикасының экономикасына зор үлес қосатын нағыз мамандар болып өседі деп біз сенеміз!
Құрметті Отан қорғаушылар, Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт тілейміз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: