М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» акциясы » №137 жалпыға білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 232-69-53
Есепші бөлімі:
+7(727) 232-69-53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» акциясы
02
тамыз
2024

М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» акциясы

М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: оқуға тартылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.
Осы мақсатты ұстана отырып,  М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» акциясы бойынша арнайы бұйрық шығарылып, атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітілді. 
Мектепке балаларды қамту бойынша көмекті қажет ететін аз қамтылған, көп балалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тізімі анықталды. Жалпы білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл ретте мектеп директоры Ақшалова Сандуғаш Балтабайқызы өзі басшылыққа ала отырып, мектептің аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынан, көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсетуде. 
«Мектепке жол» акциясының жұмыс жоспары 1-ші тамыздан 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек беруге ерікті демеушілер қол ұшын береді деп сенім білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: